• Атырау обл., Құрманғазы ауданы, Хиуаз ауылы, Ж. Нәжімеденов к., 3
  • +77123334469
  • Меню

    Балабақша тарихы

    Жаңаталап ауылдық округіне қарасты МКҚК «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет

    Жаңаталап ауылдық округіне қарасты «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасының  мекемесі  2008 жылы «Нұрбөбек» балабақшасы болып құрылған, типтік емес, екі ғимаратта Ж. Нәжмеденов №3, Рскалиев №10 үйде орналасқан. Ғимараттар 1976 жылы, 1986 жылы салынған.

    «Нұрбөбек» балабақшасы 2008 жылы 3 жастан - 5 жасқа дейінгі балалар арасынан 1 топ аралас 25 бала болып ашылды. 2010 жылы екінші ғимаратта екі қосымша топ ашылып 50 бала қамтылды.

    Қазіргі уақытта балабақшаның сыйымдылығы - 70 бала, бала толық қамтылып отыр.

     2015 жылы балабақша атауы «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы болып атауы өзгертілді.

    Балабақшада барлық қызметкерлер саны - 37, оның ішінде - 10 педагог, бос қамтылмаған орын жоқ, штат бірліктері толық қамтылған.

     Балабақша меңгерушісі Л. Кисметова, жоғары білімді, 25 жыл педагогикалық өтілі бар, педагог қызметкерлердің жоғары білімдісі - 7, арнаулы орта - 3, оның ішінде санаттылар: басшы -ұйымдастырушы - 1, сарапшы - 3, модератор - 3.

    Өз жұмысын жақсы көретін білікті педагогикалық команда.

    Балабақша типтік ғимаратта орналаспағандықтан, көп жұмыстар сәйкестендіріліп жасалып отыр, материалдық техникалық базасы төмен.  2015 жылы күрделі жөндеу жұмысы жасалынды, құны-15557,0.

    Кезекте - 0-5 жас аралығында 60 бала бар.

    Балабақшаның одан әрі жұмысын жақсарту мақсатында, кезектегі балаларды толық қамту үшін және де балабақшаның бір ғимаратта орналасуын (екі орта тасымал) қажет етеді. Балабақша ғиамараты 140 орындық болып ашылса, кезектегі балалар қамтылып, қосымша ауылымыздың халқына жұмыс орны ашылар еді, сонымен қатар балаларымызға материалдық техникасы дамыған ғимарат салынса деген ұсынысымыз бар.


    Кисметова Лаура Газизовна

    Написать
    «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК
    Атырау обл., Құрманғазы ауданы, Хиуаз ауылы, Ж. Нәжімеденов к., 3
    +77123334469
    Сайтты әзірлеу SemStar